1500 жыл

Минералды қайнаркөздің жасы
1500 жылдан асады

Ахтын термоминералды қайнаркөздері ежелден бері танымал. Қайнар көздердің ең алғашқы құдықтары VI ғасырда жасалған. «Ахти-наме» атты тарихи еңбекке сүйенсек, 561 жылы Сасадин тұқымынан шыққан Шахбани әмірі, Парсы шахиншахы Нуширвананың бұйрығымен Фарса қаласына алпыс отбасы және үш жүз жауынгерімен қоныстана жатып қамал салады. Ол қамалдың қалдығы әлі күнге дейін сақталып, таудың басынан көрінеді. Мың бес жүз ашрафи ақшасын жұмсап, Ахтын жылы қайнаркөзінің үстінен монша салып,қолданатындар үшін төлемақы белгіледі.

Қайнаркөз суының тұрақты құрамы

Кавказ геологиясының негізін салушы, орыс академигі Герман Абих 1886 жылы минералды қайнарлар ауданына алғашқы болып саяхат жасап, ол елді-мекеннің геологиясына, және минералды ауыз судың жер астынан шығатын үш бұлағына сипаттама берген. Кейіннен бұл минералды су жөніндегі жазулар В. Меллер, Л. Бертенсон, В. Ренгартен, Н. Ушинский, Н. Успенская, Н. Ростовцев секілді бертінгі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Бақылауға алынған кезеңнен бастап, осы күнге дейін ауыз судың химиялық құрамы және температурасы өзгеріссіз қалып отыр.

Ауыз су қайнаркөзі сыртқы ластанудан қорғалған

Табиғи жағдайда минералды судың пайда болу үдерісі тым күрделі. Жер асты суы жер бетіне шығу үшін өз жолында жер қыртысының су өткізбейтін қабаттары және түрлі тау жыныстары арқылы өтеді. «АРРАН» суының өзгешілігі — оның қайнар бұлақтары тереңнен шығады және жердің үстіңгі қабатындағы су мен жауын-шашын суына қозғалысқа түспейтіні. Сондықтан да адамның шаруашылыққа байланысты әрекетттері минералды суға ешқандай зиянын тигізбейді және оның химиялық құрамын өзгерте алмайды.

Экологиялық таза аймақта орналасқан

«АРРАН» суының қайнаркөзі теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте , Дагестанның оңтүстігінде орналасқан. Кавказ тауларының шығыс тау жотасында өндірістік кәсіпорындар, синтетитикалық тыңайтқыштарды пайдаланатын ауыл шаруашылығы жоқтығы, тұрғындардың тығыздығы төмен жер болғандығымен бағалы. Ол таудың өлкесі техногенді апаттарға тап болмай қайталанбас бірегей табиғи ландшафтпен көз жауын алады. Табиғат — тіршіліктің құт-берекесі. Осы жерлерде әр адам демалып, тынығады.

100 % табиғи

Минералды судың

бірегей косындысы

Химиялық құрамы бойынша «Арран» гидрокарбонатты-натрийлік, әлсізтермальды (32 °С ), аз минералданған (4,8 г/л).

0%

Метан

0%

Азот

0%

Көмірқышқыл газы

0%

Оттек

3200

Гидрокарбонаттар (мг)

250

Хлоридтер (мг)

30

Кремний қышқылы (мг)

20

Бор қышқылы (мг)

1400

Натрий (мг)

15

Кальций (мг)

7

Магний (мг)

Қолдану бойынша медициналық көрсетілімдер тізімі

  • Өңеш аурулары (эзофагит, Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы).
  • Созылмалы гастрит:
  • Асқазанның қалыпты секрециялық қызметі
  • Асқазанның жоғарыланған секрециялық қызметі
  • Асқазанның ойық жарасы, 12 елі ішек ауруы
  • Ішек аурулары (ушыққан ішек синдромы, ішек дискинезиясы)
  • Бауыр, өт қабы, және өт шығару жолдары аурулары
  • Ұйқы безі аурулары (созылмалы панкреатит)
  • Асқазанның ойық жара ауруы операциясынан кейін асқасқорыту мүшелері жұмысының бұзылуы, Постхолецистэктомиялық синдром
  • Зат алмасу аурулары (қант диабеті,семіру, тұз және липид алмасуының бұзылуы)
  • Несеп шығару жолдарының аурулары ( созылмалы пиелонефрит, несеп тас ауруы, созылмалы цистит, уретрит)

Минералды емдік-асханалық «АРРАН» ауыз суы жоғарыда аталған аурулар кезінде тек асқыну кезеңінен тыс қолданылады.